Бұдан кейін аймақ басшысы тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен және  орталықтың екінші бөлігінің ашылуымен құттықтады.

- Еліміз 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетті, - деді облыс әкімі. - Вячеслав Андреевич пен оның командасына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қалада жақсы кинотеатрлар, боулинг, өз ісіңмен айналысу үшін балаларды  қалдырып кете алатын қауіпсіз орындар бар. Бұл жерде үлкен батпақты орын болғаны көпшілікке мәлім. Ал оны үлкен оазиске айналдыру үшін тек қана қаражат емес, ерік-жігер мен мінез керек. Елбасы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың жақсы өмір сүруі үшін жайлы жағдай жасау туралы міндет қояды. Сондықтан біз де  осы бағытта барынша күш саламыз. 

Өз кезегінде  Вячеслав Руф бұл тек коммерциялық емес, әлеуметтік жоба екенін атап өтті.

- Жаңартылған нысанда қосымша 35 мың шаршы метр сауда орталығы іске қосылды, - деді кәсіпкер. - Сондай-ақ, Жаңа жылда үш ярусты 14 мың шаршы метр аумақты құрайтын паркинг  ашылады. Бір кездері осында болған кірпіш өндіру карьерінен кейін су қалып қойған. Алайда  одан кейін қаншама жұмыс атқарылды. Бүгін  үш мереке деп айтуға болады. Себебі, ұжымды орталықтың бес жылдық мерейтойымен  құттықтағым келеді және құрылысшыларға ризашылығымды білдіремін.

Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығы жалға алу бөлімінің басшысы Индира Мұстафинаның айтуынша, жаңа ғимараттың аумағы осыдан бес жыл бұрын қолданысқа енгізілген нысанмен тең келеді.

- Ең күрделісі адамдар бір кеңістікте сезінгендей екі ғимаратты біріктіру болды, - дейді бөлім басшысы. -  Жарты жылдың ішінде, наурыз айында тағы да  Sinsay, House, Gloria Jeans сияқты ірі халықаралық сауда желілері және мейрамхана іске қосылады, боулинг жолақтары кеңейтіледі.  Ақпан айында батут орталығын ашу жоспарланып отыр.

Фото: Свелтана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: