Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған акцияға Жапонияның Сыртқы істер министрлігі мен Экономика, сауда және индустрия министрлігінің, Орталық Азия мен Кавказ елдерін зерттеу институтының, Жаңа энергетикалық және өнеркәсіптік технологияларды дамыту жөніндегі ұйымның, Мұнай, газ және металл бойынша жапондық ұлттық корпорациясының, «Toyota Tsusho» және «Mitsui Mining» компанияларының, «SCAT» әуе компаниясы өкілдігінің қызметкерлері қатысты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында жапондық достар тек жаяу шеруге ғана қатысып қоймай, Қазақстанның мемлекеттік әнұранын қазақ тілінде орындап, қазақстандықтарға шынайы құрметін білдірді. Шеру қатысушылары арасында Жапонияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары мен студенттері, сондай-ақ Күншығыс елінде тұратын қандастарымыз болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: