«Greenhouse Qaztomat» ЖШС жаңа жылыжайы екі жылыжай аймағынан, бір тоңазытқыш қоймадан және бір сервис аймағынан тұрады. Кәсіпорында кешендегі қолайлы микроклиматты қамтамасыз ететін голландиялық жабдықты пайдаланады.  Жылыжайда «Nurly Ertis» бағдарламасы бойынша Екібастұзға Нұр-Сұлтаннан келген қоныс аударушылар  жұмыс істейді.

 - Отбасымызда төрт бала тәрбиелеп отырмыз, елордада 10 жыл өмір сүрдік және осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық, - дейді Алдан Айтжанов. - Биылғы жылдың шілде айында Павлодар облысына көшіп келдік. Бірден жылыжайға жұмысқа тұрдым. Алдымен оператордың көмекшісі болдым, үш айдан кейін оператор қызметіне алды. Мұнда бәрі жақсы, тұрғын үй бар, жұмыс бар. Бұл - ең бастысы.

 Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін жылыжайда қызанақ 20 гектар жерде өсіріледі. Өткен жылы кәсіпорында 2,7 мың тонна қызанақ өнімі алынса, биыл бұл жерде 5 мың тоннаға дейін өнім алу жоспарлануда. 

 - Бұл жылыжай кешені тек жобада болған кезде мұның барлығына күмәнмен қарадым, - деді Павлодар облысының әкімі жаңа жылыжайды таныстыру кезінде. - Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірісті дамыту жөніндегі жоспары бар, оларды біз жан-жақты қолдайтын боламыз. Біз үшін бұл жоба жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін ұлғайтуда ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік дамуда да маңызды. Кәсіпорында жұмыс істейтіндердің 80%-ы – әйелдер, бұл Екібастұздағы әйелдер мамандықтарының тапшылығын ескеретін болсақ, өте маңызды. Мұндай кәсіпорындар Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылатыны өте қуанышты, оның атымен Біз Қазақстанның барлық жетістіктерін байланыстырамыз. Мерекелеріңізбен!

«Greenhouse-Qazaqtomat» ЖШС экспортқа бағытталған өнімді өсіреді. Өсірілетін қызанақтардың 90%-ы Ресейдің ірі сауда желісінің «Лента» сөресіне жөнелтіледі. Бұдан басқа, кәсіпорында гүлдер өсірілуде. Биыл голландиялық раушаннан басқа, жылыжайда қызғалдақтардың бірінші партиясын алу жоспарлануда.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, экономика, жылыжай