Бұл туралы 24.kz жазды. Шараға ұзын саны 350-ден астам араб сәйгүлігі қатысқан. Байқауда жануарлардың мүсіні мен тартымды қимылдары бағаланды. Қазылар алқасы Венгрия, Италия, Бельгия, Нидерланд және Польшадан келген қонақтардан жасақталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл сайысқа алғаш рет асыл тұқымды құлындар мен биелер де қатыстырылған. Айта кеткен жөн, араб сәйгүліктері әлемге ең танымал әрі ұзақ жасайтын жылқы түрі. Сонымен қатар төзімділігі және жүйріктігімен ерекшеленеді.

 

pavlodarnews.kz