Діни рәсімді орындау кезінде мұздай суға түсуді аудан әкімі осыдан үш жыл бұрын бастаған. Әкімнің бұл дәстүрін әйелі де құптайды.

- Ойық мұзға шомылу  адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Дененің барлық организмі күшейіп, энергиясы артады. Осындай діни рәсім кезінде ауарайдың суықтығына қарамастан суға шомылып, содан суық тиіпті дегенді әлі естімедім.  Керісінше, бұдан кейін көп уақыт ауырмайсыз, - дейді Александр Бабенко.

Айта кету керек, Павлодар ауданында қазіргі таңда 160 адам мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейді.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz