Pavlodarnews.kz АА-нің тілшісі оқиғаны өз көзімен көрген азаматты іздеп тапты.

- БМВ мен Лексус жүргізушісі ұзақ уақыт бойы дауыс көтеріп сөйлескен. Кейін жүргізушілердің бірі пистолетін алып шықты да екіншісі көлігіне жақындап, автоматын алды. Бұдан кейін атыс басталды. Мен жерге жата қалып, ақырын сырғып қашып кеттім, - дейді куәгер.

Сондай-ақ, куәгердің айтуынша, бір көліктің мемлекеттік нөмірі Атырау өңіріне тиесілі болса, екінші көліктің нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодарда Толстой мен 1 Мамыр көшелерінің қиылысында атыс болып, салдарынан БМВ жүргізушісі бет және арқа жарақатын алған. Кеше полицейлер оқиға орнынан ізін суытқан Лексус көлігін, оның жүргізушісі мен жолаушыларын ұстады.

pavlodarnews.kz