«Ертіс» хоккей командасының шабуылшысы Михаил Рахманов 1992 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Өскемен хоккей клубында жаттыққан ол алғашында Астананың «Барыс» командасының құрамында ойнады. Жергілікті «Ертіс» командасының құрамында былтырғы жылдан бері өнер көрсетуде. Қорғаушы Владимир Гребенщиков 1992 жылы Теміртауда дүниеге келген. Петропавлдың «Құлагер» және елордалық «Барыс» командаларында ойнаған. Екі мәрте жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан. Қос хоккейші Алматы қаласында 28-қаңтар күні басталатын 28 Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысып, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, Универсиадаға Павлодар облысынан жарыстың үш түрінен 10 спортшы қатысады.

- Биатлон – Антон Пантов, Дарья Усанова, Максим Браун, Александра Сасина, Тимур Куц; шаңғы жарысы – Анна Шевченко, Ирина Быкова, Дарья Ряжко; шайбалы хоккей – Михаил Рахманов, Владимир Гребенщиков. 2017 жылдың 25 қаңтарында «Астана» Мұз сарайында Алау эстафетасының тестілеуден өтуі және баспасөз конференциясы өтеді, - дейді облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының мамандары.  

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz