Мұндай мәлімдемені Біріккен ұлттар ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі хабарлады. Айтуынша, тұрғындардың жаппай көшуіне Мосулды азат ету операциясының күшейуі себеп болған. Оған қоса, қоян қолтық ұрыста жарақат алғандардың да саны күн санап өсіп жатыр. Өткен аптаның өзінде Мосул жанындағы Күрд жасағы басқаратын ауданның 700 тұрғыны ауруханға түскен. 800-ден астамына медициналық көмек көрсетілді, деп жазады 24.kz.

Айта кетейік, Ирак әскері Мосулды азат етуге өткен жылдың күзінде кіріскен болатын. Содан бері содырлар үкімет жасағына тегеурінді қарсылық көрсетіп келеді. Дегенмен олар шаһардың шығысындағы бірнеше ауданнан шегінуге мәжбүр болды.

Йенс Лерке, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі:
- 2 қаңтар күні Мосулдың шығыс аудандарынан 4 мың адам көшіп кетті. Бұл өте ауқымды көш. Жалпы Мосулды азат етуге бағытталған операция басталғалы яғни өткен жылдың 17 қазанынан бері шаһардан 135 500 тұрғын басқа жаққа қоныс аударған. Осының барлығына соғыстың бейбіт тұрғындар мекендейтін жерлерге жақын маңайда жүріп жатқаны себеп.

pavlodarnews.kz