Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Kia Rio мен ВАЗ 2109 автокөліктерінің қақтығысынан кейін екі адам қаза тапты. Оқиға орнынан Ақтоғай аудандық ауруханасына жеті адам, оның бесеуі – бір жастан 17 жасқа дейінгі балалар жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы сағат 19:15-те Ленин-Ертіс - Русская поляна тас жолында Мүткенов ауылының жанында орын алды.

Санавиация арқылы облыстық ауруханаға екі ересек және төрт бала жеткізілді. Ал ең кішкентай зардап шеккен бала аса ауыр жағдайда, яғни, көптеген сынықтар, соның ішінде бас сүйегінің негізі, бас миының ауыр соғылуы, комотоздық жай-күйіне байланысты аудандық ауруханада қалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала бөлімінің басшысы Гүлнар Жармакинаның мәлімдеуінше, дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күрескен.

- Баланың ауыр жағдайына байланысты санавиация қызды облыс орталығына тасымалдай алмады, - дейді Гүлнар Жармакина. - Бүгін біздің мамандар тікұшақпен баланы алып кетті. Өкінішке орай, сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылғаннан кейін бір сағаттан кейін қайтыс болды. Оның ағалары мен әпкелері - осы емдеу мекемесінде, біреуі - травматология бөлімінде, екеуі реанимация бөлімінде жатыр.

Бұдан басқа, облыстық полиция департаментінде ЖКО фактісіге қатысты ҚР ҚК 345 – бабы, 4-бөлігі «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, ЖКО, аурухана