Бұл туралы 24.kz жазды. Демократияға баса назар аудара отырып, елде теңдік пен төзімділікті дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар қазір АҚШ-қа төніп тұрған қауіптің бірі нәсілшілдік пен экономикалық теңсіздік екенін жеткізді. McCormick Place орталығында өткен жиынға 20 мыңнан астам адам қатысты. Еске сала кетейік, 20 қаңтарда соңғы президенттік сайлауда жеңіске жеткен республикалық партияның өкілі Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтіп, ол ресми түрде қызметіне кірісу керек. Барак Обама, АҚШ президенті: - Ізгі тілектеріңіз Мишель екеумізге қатты әсер етті. Бүгін мен сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Өздеріңізбен кездесіп, дидарласу маған күш беріп, алға қарай жетеледі. Мен сіздерден көп нәрсе үйрендім. Менің жақсы президент болуыма сіздер ықпал еттіңіздер.

pavlodarnews.kz