Мерекелік жарығы бар алғашқы вагон Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында жолға шықты. Қоғамдық көліктің суреті әлеуметтік желілерге тарап үлгерді.

«Павлодар трамвай басқармасы» АҚ басқарма төрағасы Мүслім Махмудовтың агенттікке мәлімдеуінше, бұл тәжірибе ретінде шығарылған вагон Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойымен алюминий зауытына 8-ші бағытта жолға шыққан.

- Біз мұндай трамвайлардың мереке күндері ғана емес, қаламызды әрдайым безендіріп отыруын қалаймыз. Бұл трамвай басқармасы қызметкерлерінің идеясы болды. 15-16 желтоқсанға дейін біз осындай 30 вагонды шығаруды жоспарлап отырмыз. Олардың 23-і жаңа беларуссиялық вагондар, - деді Мүслім Махмудов.

Сонымен қатар, ол жарықтандырылған барлық вагондар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

- Барлық өндірушілермен келісілген. Бұл трамвайлар жарықтандыруды ескере отырып жасалған, - деді Мүслім Махмудов.

Дулат Райымбек
Фото: @tipavlo.dar

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Тәуелсіздік күні, мереке, трамвай