Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, айыпкер танысымен бірге қылмыстық келісім жасасады. Олар «АТФ Банк» банкінің банкоматын ашуға тырысады. 

«Ер кісілер «АТФ Банк» АҚ-ның Н.Әбдіров көшесінде орналасқан банкоматына келеді. Сотталушы газ дәнекерлегішінің көмегімен тесіктерді бұрғылап, диспенсерлерді басқаруға арналған арнайы бағдарламасы бар ноутбукті іске қосады. Ұрылар банкоматтан 7 303 500 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты шығарып алмақ болған кезінде көзге түсіп қалды. Сотталушы қылмыс үстінде қолға түсті, ал оның сыбайласы ізін суытты», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ұсталған азаматтың жеке мүлкі тәркіленіп, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  



pavlodarnews.kz