Павлодар облысы Панкратион және Грэплинг  федерациясының президенті Алтынбек Рысжановтың айтуы бойынша, «спорт шебері» атағы Дастан Айдарханов, Мадина Болатова, Марат Жакупов, Арман Сыздықбаев және Илдар Зайтов есімді спортшыларға берілген.

 - Біздің спорт клуб 2015 жылы құрылған. Бұлар панкратион және грэплинг спорты бойынша Павлодардан шықққан алғашқы «спорт шеберлері». Бұған дейін олар шәкірттеріміз көп тер төкті, көптеген жарыстарды бағындырды. Өткен жылы наурыз айында Павлодар облысында өткен Қазақстан чемпионатынан біздің спортшылар 3 алтын 2 күміс, қыркүйек айында Талдықорған қаласында өткен ҚР кубогынан үш алтын, 2 күміс және 1 қоламен оралды. «Спорт шебері» атағы аталған жарыстарда жеңімпаз болған спортшыларға берілді. Біздің жігіттер спорттың панкратион жəне грэплинг түрімен ғана емес, сонымен қатар, джиу-джитсу, жауынгерлік самбо, номад ММА, муай-тай жекпе-жектерімен де шұғылданады - дейді Алтынбек Рысжанов.

Федерация президентінің айтуынша, алда бағындырар белес көп. Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогына тыңғылықты дайындалып, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алуды жоспарлап отыр.  

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz