Чернорецк орманшылығының орман қорғаушысы Тілеубек Абылғазинов хабарлағандай, 40 жастағы екі ер азамат жайылымда қысқа қамдаған шөптерін үйіп алып кетпек болған.

- Күндіз олар маған хабарласты, мен оларға өзен арқылы өтуге болмайтынын айтып едім, олар ескермеген сыңайлы. Кешкісін мал шөпсіз қалады деп алаңдап, түнде жолға шығып кеткен көрінеді. Ал,күндіз жұмыстан қолдары тимепті. Қайтарда жолды қысқартамыз деп Черная өзені арқылы өтпек болған, мұз ауыр салмақты көтере алмай трактордың алдыңғы дөңгелектері суға батқан. Ауылдан екінші техника келіп, оларды құтқарып алды. Олар маскүнемдікке салынбайтын, тұрақты жұмысы бар адамдар, - деді Тілеубек Абылғазинов.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz