Қалалық жұмыспен қамту бөлімі хабар еткендей, жұмысқа қабылдау Кривенко көшесі25, №101 және №304 кабинеттерінде жүргізіледі.
Қажетті құжаттар: жеке куәлік пен білім дипломы.

Он күн ішінде қар тазалаумен айналысатын мекемелердің қайсысында қызмет ететіндігі хабарланады.
- Жалақы өтелген жұмыс уақытына қарай есептеледі. Айлықтың бір бөлігі, 25 мың теңгені жұмыспен қамту орталығы аударады, қалғанын жұмыс беруші өз мойнына алады. Ай сайын еңбекақы орта есеппен 70-80 теңгені құрайды. Біз жұмысқа тек оқу бітірген жастарды қабылдаймыз. Бүгінгі таңда жұмысқа орналасуға ниет білдірген жастар саны 18-ге жетті. Жалпы, орталық арқылы жұмысқа 40 адам орналасты, тағы 60 адам жауап күтуде, - деді мемлекеттік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменков.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz