Үш кезеңге созылған кездесуде қонақтар құрғақ есеппен жеңіске жетті (22:25, 24:26, 29:31).

Сондай-ақ, шығыс-қазақстандық «Алтай» турнир аутсайдері «Динамо-Тараз» клубын, ал «Буревестник-Алматы»ойыншылары «Атырау» спортшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Турнир кестесінде Хромтаулық «ТНК Қазхром» 31 ұпаймен көш бастап келеді. «Алтай» 25 ұпаймен екінші, алматылықтар екі ұпайға кем жинап үшінші орында тұр. Павлодарлықтар болса, 20 ұпаймен төртінші орында келеді.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz