"ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобында жазылған ақпарат бойынша, Елеусінов жақында құрылған MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Басқа жайттар әзірше белгісіз.

Мұның алдында Данияр Елеусінов және Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Иван Дычконың жақын арада кәсіпқой боксқа өтуі мүмкін екені хабарланған. Қос боксшы Алматы облысындағы AIBA бокс академиясында өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиындарына қатыспады, деп жазады tengrinews.kz.

 

pavlodarnews.kz