Бұл туралы агенттік тілшісіне «Ертіс» спорт клубының жетекшісі Берік Байжанов мәлім етті.

- Ағаш конструкциялы корттардың 90 пайызын пластикаға ауыстырмақпыз. Қала әкімі Нұржан Кемерұлы да бізге қолдау көрсетіп отыр. Өйткені, ұндай ағаш материалдан салынған корттарға 19 жыл болыпты. Мұны енді отқа жағу керек. Осы жылы бюджеттен алғашқы төрт спорттық алаңды жөндеу үшін қаражат қарастырылған.  Нақты сомасын айта алмаймын. Сондай-ақ, «Зеленой Роща» мен Усолка шаңғы базасына, «Құлагер» ипподромына және 20 мұз айдыны мен 13 футбол алаңына да ақша бөлінбек, - дейді Берік Байжанов.

Алғаш жөнделетін төрт хоккей корты комиссияның шешімімен таңдалып алынады. Айтуынша, халықық тығыз орналасқан Сәтбаев көшесі, 243 үй, Бекхожин көшесі, 6 үй, Павлодва көшесі, 44 үй мекенжайларындағы спорттық алаңдары таңдалып алынуы мүмкін. Сонымен қатар, Комсомол, Торайғырова, Катаева көшелерінде ағаштан қаланған мұзайдындар  бар.

Алғаш жөнделетін төрт хоккей корты комиссияның шешімімен таңдалып алынады. Айтуынша, халықық тығыз орналасқан Сәтбаев көшесі, 243 үй, Бекхожин көшесі, 6 үй, Павлодва көшесі, 44 үй мекенжайларындағы спорттық алаңдары таңдалып алынуы мүмкін. Сонымен қатар, Комсомол, Торайғырова, Катаева көшелерінде ағаштан қаланған мұзайдындар  бар. Жуырда осы «Ертіс» спорт клубының қызметкерлері қаланың қай жерінде қандай футбол алаңы және хоккей корттары орналасқанын көрсететін алғашқы картаны іске қосты. 

Талғат Төре

pavlodarnews.kz