Бұл туралы 24.kz жызды. 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өткен жылы неміс елінен пана іздеп келгендер саны бірден 3 есе азайған. Бірақ Таяу Шығыс пен Африка елдерінде жағдай жақсармады. Демек ол жақтан бас сауғалап қашып жатқандар қатары сейілген жоқ. Сонда олар қайда ағылып жатыр? Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметі бойынша, өткен жылы Германиядан пана іздеп 280 мың босқын келген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе аз. Бұған Еуроодақ пен Түркия арасындағы келісімінің септігі тиді. Оның үстіне, босқындарды кәрі құрлыққа жеткізетін төте жол – Балқан бағыты да жабылды. Мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы мұнда келгендердің дені Сирия, Ауғанстан, Ирак, Албания және Эритрея азаматтары. 

- Көштің қысқарғаны еліміз бен Еуроодақ басшылығының дұрыс шешімдер қабылдағанын көрсетіп отыр. 2015 жылы бізге 890 мың босқын келген еді. Тіпті кейбір деректерге сүйенсек, мұнда миллионнан астам мигрант бас сауғалаған. Алайда, 2016-да бұл сан бірден үш есеге қысқарды. Германияға 2015 жылы кірген мигранттың кейбірі босқын мәртебесін алу туралы өтінішті келесі жылы бір-ақ берген, - Германияның ішкі істер министрі Томас де Мезьер. 

Франк-Юрген Вайзе, Германияның көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық мекемесінің басшысы:

- Менің ойымша, бұл үлкен жетістік. Босқындар нөпірінің азаюы Германия үкіметіне шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, оларға мейлінше көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ барлығы жүйелі жұмыс істей бастайды. Мигранттар нөпірінің қысқаруымен қатар 2016 жылы Германиядан 55 мың босқын өз еркімен отанына қайтты. Өйткені бұл елден босқын мәртебесін алатын ешқандай мүмкіндік болмаған. Оның үстіне үкімет елден күштеп шығарылған адамдардың енді қайта неміс жерін аттап басуына тыйым салды. Керісінше, өз еркімен кеткендерге көмек көрсетіп, 3 мың еуро көлемінде ақша берген. 

pavlodarnews.kz