Бұл туралы облыстық «Жас Отан» ЖҚ филиалының аппарат жетекшісі Оразалы Сарсенов мәлім етті.

- Біз 6 қаңтардан бастап арнайы топ құрып қарт адамдарға көмек көрсетіп келеміз. Өткен аптаның сенбі, жексенбі күндері төрт ардагердің үй ауласын қалың қардан тазарттық. Негізінен демалыс күндері жұмыс жасаймыз, кейде аптаның ортасында қыз-жігіттердің қолы тигенде жұмылып кірісе кетеміз. Мәселен, кеше Ауған соғысының төрт ардагеріне көмек көрсетілді. Алдағы демалыс күндері 11 қарт адамның ауласын тазарту жоспарланып отыр. Арнайы техника бөліп бергені үшін қала әкімдігіне алғыс білдіреміз, - деді Оразалы Сәрсенов.

Сондай-ақ, Оразалы Сәрсенов атап өткендей, ата-әжелер өздері байланысқа шығып, өтініш білдіре алады. Еріктілер тобы ауланы тегін тазалап береді. Ол үшін 65-48-24 нөміріне хабарласуға болады.

Қар тазалау жұмыстары бір айдан аса уақыт жалғасады.

Абзал Қабдраш

 

pavlodarnews.kz