- Қазақстан қантты қызылшаның 5 % шикізатын өндіретін импорттаушы ел болып табылады. Елімізде қантты қызылшаны өңдейтін Алматы мен Шымкент облыстары ғана. Біз солтүстік өңірде аталмыш өнімді өндіріп көруді қолға алдық. Зерттеу «Ақтоғай Агро» ЖШС-де жүргізілді. Нәтижесінде 1 гектар жерден 350 центнер өнім алынды, төрт гибридті сорттың бірі 500 центнерге дейін жетті, тамыр жемісі төрт келіні құрады. Ал, қанттылық 15%-дан 20,5 %-ға дейін өсті, - дейді ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институнының маманы Қымбат Мустафаева.

Сондай-ақ, маман атап өткендей, оңтүстік өңірлерде бір гектар жерден 250 центнер өнім алынса, оның қанттылығы 16 %-ға ғана жеткен. Енді Павлодарда қайта өңдеу жұмыстары қолға алынса, нарықтағы қант бағасы арзандауы мүмкін.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz