Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

PolskieRadio24 мәліметінше, Польшада 4 желтоқсан күні "Щирк" тау-шаңғы курортындағы тұрғын үйде газ жарылған. Оқыс оқиға салдарынан 3 қабатты үй опырылып түскен.
Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.30 шамасында болған. Газ жарылғаннан кейін үй өртене бастаған. Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап, үйінділердің арасынан жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр.

Бельско-Бяла қаласының өрт қауіпсіздігіне жауапты муниципалдық штабының деректеріне сәйкес, үйінділердің арасында 8 адам болуы мүмкін. Олардың ішінде балалар да бар.

Оқиға орнында жүзден астам құтқарушылар, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде.

Польша газ компаниясының (PSG) өкіліАртур Михневичтің айтуынша, газдың жарылып кетуіне газ құбырын бұрғылау жұмыстары себепкер болуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Кейіннен белгілі болғандай, үйінділер арасынан 2 адамның денесі табылған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: