Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көпқабатты пәтер балконындағы өрт туралы хабар 4 желтоқсанда сағат 20:32-де келіп жеткен.

- Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер балконында үй заттары жанды, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. – От 20:44-те жойылды. Өрт үш шаршы метр ауданды шарпыды. Пәтерде он жасар ұл бала болды. Анасы осы кезде жұмыста болған.

Өрт сөндірушілер баланы көршілерге тапсырды.

Оқиға орнында ТЖД 16 қызметкері мен бес бірлік техника жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрт шығудың себептері анықталуда.

Арслан Ғалымбек

Фото: @tipavlo

pavlodarnews.kz

Тэги: өрт, бала, пәтер, ТЖД, төтенше жағдайлар