Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті.

- Егер 2018 жылы олардың саны осы кезеңде 69 болса, биыл 22 ата-ананы құрап отыр, - дейді Ирина Сорокина. - Мұндай жандардың саны алдағы уақытта азая түседі деген сенімдеміз. Егер алдағы жылдарды алатын болсақ, 761 адам болса, жылдың соңында 140 адамға азайған. Екпе алған кезде біршама температураның көтерілуі, вакцина салған аумақтың қызаруы сияқты белгілер болуы мүмкін. Ол туралы балалардың ата-аналарына және екпе алған ересек адамға ескертіледі.

Спикердің айтуынша, сауалнама нәтижесі тұрғындардың 64 пайызы вакцинаға сенімсіз қараса, 15 пайызы діни көзқарасына және 1 пайызы баспасөз беттеріндегі жаңалықтарға байланысты бас тартатынын көрсеткен.

- Бұл жерде қажылыққа баратын адамдар  менингококк инфекциясына қарсы екпе алатынын естен шығармаған жөн, - дейді Ирина Сорокина. - 20 инфцекцияға қарсы вакцина бар. Оның барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алған. Қазақстан вакцинаны Бельгия, Франция, Голландия, АҚШ және Ресей елдеріндегі ірі өндірушілерден ғана сатып алады. 63-тен астам вакцина түрі тіркелген. Бір инфекцияға қарсы бірнеше вакцина тіркелуі мүмкін. Қазақстанда дәрі-дәрмек сараптамасы орталығы екі кезеңмен вакцинаға бақылау жүргізеді. Біріншісі – клиникалық сынама, екіншісі – зертханалық.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, денсаулық