«Қазгидромет» РМК Павлодар облысы филиалының мәліметінше, облыста 5 желтоқсанда сағат 21:00-ден 8 желтоқсан аралығында таңғы 9-ға дейін дауылды ескерту жарияланды.

- Күндіз 6 желтоқсан - түнде 8 желтоқсан аралығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, - деді филиал маманы. - Тәулік бойы 7 желтоқсанда, 8 желтоқсанда түнде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 және 30 метрге дейін жетеді деп күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

Одан бұрын, өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазГидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Галина Шпак желтоқсан айы мен келер 2020 жылдың бастапқы айларының ауарайы болжамын хабарлады.

Галина Шпактың айтуынша, өткен 14 қазанда шығарылған болжамға сәйкес қыс жылы болады деп күтілуде.

- Желтоқсан айында ауа температурасы нормадан бір градусқа төмен болады, - дейді синоптик. - Бұл -11-15 градус шегінде. Қазір оңтүстік циклонның шығуына байланысты Павлодар облысы бойынша жылы ауа райы сақталуда. Сондай-ақ жауын-шашын, температураның оң мәндерге дейін көтерілуі және кей жерлерде жаңбыр, тұман байқалады. Яғни, жел күшейе отырып, ауа райының қолайсыз құбылыстарының тұтас кешені көрінуде. Бірінші онкүндіктің соңында температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтілуде. Түнде -5-15 градус, күндіз -2-12 аяз болады.

Кезекті суық толқындары екінші онкүндікке және үшінші онкүндікке болжануда. Ауа температурасы түнде -20-35 және күндіз -10-20 градусқа дейін төмендейді. Яғни, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында температура климаттық нормадан төмен болады. Ал температура норманың ауданында және одан сәл жоғары болады деп күтілуде.

- Қаңтар айында ауа температурасы бір градусқа төмен, - дейді Галина Шпак. - Температура -14-18 градус болады. Яғни, бірінші онкүндіктің басында -5-10 градус, содан кейін температура -23-28 градусқа дейін төмендейді. Екінші онкүндік суық болады және үшінші онкүндікке дейін сәл созылады.

Ақпан айында синоптиктер нормадан төмен температураны болжауда.

Айгүл Жүсіпова

Фото: Ольга Бугаева 

pavlodarnews.kz

Тэги: ауарайы, Павлодар облысы, болжам, ҚазГидромет