Жиын барысында шаһар басшысы шағын классты автобустар арасындағы уақытша аралық туралы бұрынғы шешім ережелерге сәйкес қоғамдық көліктің барлық санаттарының жағдайларын теңестіру үшін жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кәсіпорын басшыларымен бірге қабылданғанын атап өтті.

- Бұл жерде 33 автобус маршрутының алтауы бойынша сұрақ туындап тұр, қалғандары бойынша мәселе жоқ. Нақтырақ айтсақ, № № 003, 3, 115, 151, 126, 111 бағыттары, - дейді Қайрат Нүкенов.

«Токсомтор» ЖШС жүргізушісі Данияр Құсайынов болса, интервалды ұзарту салдарынан маршруттық автобустардың соңғы аялдамада 50 минутқа дейін тұратынына жеткізді.

- Менің үш балам бар, - дейді ол. - Әйелім жүкті. № 115 маршрутпен оқушылар сарайында үлкен ұлды әкеледі. Әрі қарай Ласточка аялдамасында балаларды бірін балабақшаға қалдырады. Енді баланы әкету үшін кері 115-пен келеді. Бұл ыңғайлы. Ал, енді бұл маршрутты алып тастап, интервалды ұзартқан жағдайда бір сағаттан кейін бала алу үшін адам толы маршруттық автобусқа отыра алмайды. Біздің маршрутқа кететін уақыт 48 минутты ғана құрайды. Адамдар аялдамаларда тұрып қалады. Қазір аяз жоқ болғаны жақсы. Күн сайын жолаушыларды көреміз. Ұрысып, жылап жатады. Балалар қысылып қалады. Мен өзім 8 жасар баланың қалып қойғанына куә болдым. Бір автобус келеді. Іші толы адам. Екіншісі де дәл солай. Жергілікті атқарушы орган ретінде тұрғындардың пайдасына қарай шешу керекпіз.

«Таксомтор» ЖШС директоры Виктор Янковский тасымалдаушы ретінде барлығын бұрынғыдай қалдыруды және еш нәрсені өзгертпеу туралы ұсыныс білдірді.

- Интервал қозғалысы басталған кезде ауыр тиді, себебі біз GPS жүйесіне дайын болмадық, - дейді Виктор Янковский. – Біз шығу кестесіне сай жұмыс істедік. Конкурстық ереже бойынша интервал бес минутты құрады. Соған сәйкес кестені құрастырдық. Дегенмен тұрғындар тарапынан бірқатар жерлерде шағын автобустар жетіспейтіні туралы өтініштер түсті. Біз адам көп жүретін кезде интервалды 2 минутқа дейін қысқарттық. Ал енді GPS орнатылған жағдайда олай жасай алмаймыз.

«Павлодар автокомбинаты» ЖШС директоры Александр Панченконың айтуынша, шағын классты автобустар бұл тығырықтан шыға алмаса, үлкен автобустар шығуы тиіс.

- Менің артымда 300-ден астам адам тұр, - дейді Александр Панченко. - Үлкен кәсіпорынды жылыту қажет. Мысалы, №1 автобус жүріп барады. Оған ұқсас маршрут жоқ. 38 аялдаманың жетеуінде ғана бар. Ал, «1 э» автобусы да сондай. 28 аялдаманың 10-ында ғана ұқсас маршрут бар. Кестені реттегеннен кейін ғана жағдай түзетілді. 126 маршруттық автобус № 1 автобустың бағытына шыққан кезде бұл сұрақты реттеу туралы жүгіндім.  

Барлық тарапты тыңдап шыққан Қайрат Нүкенов өзінің қарамағындағыларға мемлекеттік органдар, көлік кәсіпорындары және БАҚ өкілдерінен мониторингтік топты жинауды тапсырды. Бұл топ он күн қатарынан күн сайын әртүрлі бағыттарда жолаушылар ағынын бақылайтын болады.

- Бізде автобус тасымалымен жұмыс екі апта бұрын басталды, өйткені барлығы GPS-треккерлерді орнатуға келісім берген жоқ. Ең соңғысы – қараша айының соңында «Токсомтор» болды. Біз қала тұрғындарына жылдың суық мезгілінде шешім қабылдай отырып, қолайсыздықтар жеткізгенін түсінеміз. Ал қыста автобустардың мәселесі болмауын қадағалайтын боламыз.  Егер  автобустарға қатысты сұрақтар  туындаса, менің жеке телефон: 8(701)7366874. Егер бірден жауап бермесем, міндетті түрде қоңырау шаламын, - деп уәде берді қала әкімі.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева, Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: