«Қайырымдылық керуені» форумы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті.

Форумда Павлодар облысының төрт кәсіпкері марапатталды. Олардың қатарында «Победа» ЖШС басшысы, Павлодар облыстық мәслихаттың депутаты Александр Поляков те бар. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды. Жыл бойы өткен республикалық акцияның қорытындысы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау кезінде көмек көрсеткен үш жерлесімізге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары  табыс етілді. Олар - «Ақтай» шаруа қожалығының басшысы Қадыр Ақтаев, Қайрат Мейренбаев пен Аңсат Жаңатаев есімді жас кәсіпкерлер.

 Форумға қатысқан ҚХА Павлодар облыстық филиалы Хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева облыстық Достық үйінде Аналар кеңесі жұмыс істейтінін атап өтті. Аналар кеңесі «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында жыл бойы түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырған.

- Аналар кеңесі көп балалы отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетті, - деді Айнұр Сәрсенбаева. – Жыл басында кеңес қызметінің жол картасы құрастырылған болатын. Сондай-ақ, облыстық ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері мен «Қоғамдық келісім» КММ-ің қызметкерлері Түркістан облысының Арыс қаласындағы апатқа ұшыраған отбасыларға бір милллионға жуық қаражат жинап берді.

Фото: Қалжан Тұрсынбаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам