Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда - «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», - деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді.

«Виктория» - өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік кәсіби өнерпаздарды – музыканттарды, орындаушыларды, композиторларды, ақындарды, продюсерлерді, журналистерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы және жалғыз сыйлық.

pavlodarnews.kz

Тэги: