Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлайды.

Артынша АҚШ президенті Дональд Трамп твиттерде былай деп жазды: «Неліктен Дүниежүзілік банк Қытайға несие береді? Бұл қалай болғаны? Пекинде ақша көп. Егер Қытайда ақша болмаса, ол оны өзі жасап алады. Кредит беруді тоқтату керек».

Дүниежүзілік банк болса, бұл кредит Қытайдың жеке секторын дамытуға, нарықтық және фискальді реформа жасауға, экологияны жақсартуға көмектеседі деп санайды.

Айта кету керек, АҚШ Дүниежүзілік банктің ең ірі акционері саналады. Алайда Вашингтон бұл ұйымға басқа елге кредит беруге вето қоя алмайды.

Трамп бұл талабын Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда тартысы күшейіп тұрғанда жасады.

pavlodarnews.kz

Тэги: