Тетрдың туған күніне орай ұйымдастырылған шараға Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, Toraighyrov University ректоры Мейрам Бегентаев және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің басшылары қатысып, құттықтауларын жеткізе келе, түрлі деңгейдегі марапаттар табыс етті.

- Айтулы күндегі мерекелік шараға қатысқан Ернұр Дәуенов театрды қолдау бағытында атқарылатын жұмыстарды айта кетті, - деді театр басшысы Арман Темірбек. – Бұл ретте, келесі жылы облыстық бюджет есебінен өнер ордасы күрделі жөндеуден өткізілетінін жеткізді. Сондай-ақ әртістер қауымына жылы лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Оған қоса, Ернұр Дәуенов театрдың бірқатар өкілдерін басқарма атынан Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттады.

- Сондай-ақ Toraighyrov University ректоры Мейрам Бегентаев та ерекше тартуын ала келген екен. Ол қарашаңырақ ұжымына қолдау ретінде әртістерге жоғарғы оқу орнының магистратурасына 10 грант сыйға тартты. Бұдан бөлек, жаңадан бой көтерген жатақханадан 10 бөлме тегін берілетінін атап өтті. Осындай сый жасап жатқан тілектестерге алғыс айтамын, - деді театр басшысы.

Сонымен қатар, Арман Темірбек театрға ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген БАҚ өкілдерін жинап, алғыс хаттарын табыстады.

Оразбек Саяхат
Фото: Ж.Аймауытов театры

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ж.Аймауытов театры, театр, мәдениет