Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы спорт бөлімінің бас маманы Айгерім Байсалбаеваның айтуынша, осынау ірі халықаралық жарысқа облыс атынан сегіз спортшы аттанды.

- Нәтижесінде спортшыларымыз төрт алтын, екі күміс және төрт қола медаль ұтып алды, - дейді Айгерім Байсалбаева. – Барлығы 40 медаль жиынтығы сарапқа салынғанын есептесек, бұл өте жақсы нәтиже. Жерлестеріміз облысымыздың, еліміздің туын биікке көтергені мадақтауға лайық.

Атап айтсақ, Владимир Кривушкин Азия чемпионы атағын екі мәрте жеңіп алса, Галина Жукова мен Виктор Макеев бір реттен үздік нәтиже көрсетті. Оған қоса, Владимир Кривушкин бір күміс медальге ие болды. Тағы бір күміс және екі қола жүлде Виктор Бондарьдің мойнына тағылды. Одан бөлек, Галина Жукова мен Светлана Лаптева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, Малайзияда өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына 25 елдің ардагер спортшылары қатысты.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: ардагерлер, спорт, жеңіл атлетика, Азия чемпионаты