Бұл туралы 360tv.ru сайты хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Ресейдің допингке қарсы агенттігінің (RUSADA) басшысы Юрий Ганус РИА Новостиге Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті Ресей мәселесі бойынша WADA тәуелсіз сәйкестік комитетінің (CRC) ұсыныстарын бірауыздан қабылдағанын растады. 25 қарашада тәуелсіз комитет Ресейге төрт жылға халықаралық жарыстарды өткізуге тыйым салуды, ірі халықаралық жарыстарға тек "таза" ресейлік спортшыларға бейтарап мәртебе беру арқылы қатыстыруды және Ресей құрамасын төрт жыл ірі турнирлерге мемлекеттік туымен шығу мүмкіндігінен айыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Ресей Олимпиада комитетінің жоғарғы басшылығына, соның ішінде ұйымның атқарушы комитетінің барлық мүшелеріне төрт жылға ірі турнирлерге қатысуға тыйым салу ұсынылды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресей төрт жылға ірі халықаралық спорт жарыстарын өткізуге өтініш беру және өткізу құқығынан айырылды.

Алдағы төрт жылда Ресей Федерациясында келесі ірі халықаралық жарыстарды өткізуді жоспарлаған болатын: футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңнің үш матчы және ширек финалының бірі, шана спортынан 2020 жылғы әлем чемпионаты, 2020 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы, допты хоккейден Әлем чемпионаты - 2020, құзға өрмелеуден Еуропа чемпионаты - 2020, ауыр атлетикадан Еуропа чемпионаты - 2020, футболдан Чемпиондар лигасының финалы - 2021, қысқа қашықтыққа жүзуден Еуропа чемпионаты - 2021, хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты - 2021, жағажай футболынан әлем чемпионаты - 2021, волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты - 2022, спорттық күрестен әлем чемпионаты - 2022, жазғы универсиада - 2023, хоккейден әлем чемпионаты - 2023, хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты - 2023, су спорты бойынша Еуропа чемпионаты - 2024, шахмат: үміткерлер турнирі - 2020, әлем чемпионы атағы үшін матч - 2020, самбодан Еуропа чемпионаты - 2020, допты хоккейден әлем чемпионаты - 2021. Сонымен қатар, Ресей 2022 жылы өтетін әйелдер арасындағы баскетболдан Әлем кубогын, 2023 жылы өтетін футболдан УЕФА Суперкубогын, 2024 жылы гандболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатын, 2025 жылы фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатын өткізуге өтініш білдірген болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: