НЗМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, байқау Жастар жылының ресми жабылуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы «ҚХА Жастар Синергиясы» форумы аясында өткен.

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тұрлыхан Тоқтағанов 3-орынға қол жеткізіп, диплом мен 500 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

- Бұл байқауға мен firenet атты жобамды ұсындым, - деді Тұрлыхан Тоқтағанов. – Бұл – кәдімгі бейнебақылау камераларының көмегімен от ошақтарын анықтау бойынша автономды жүйе. Бағдарлама жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Сондықтан бұл жобамды жүзеге асыру үшін бірнеше ай уақыт кетті.

Айта кетейік, байқауға республиканың әр өңірінен 350 жоба ұсынылған. Оның 60 жобасы ақтық сынға өтті.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, НЗМ, білім