Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы 25%-ға көтерілсін. Бұл 130 мың аадмды қамтиды, - деп тапсырды ҚР президенті Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында.

Мемлекет басшысы колледж студенттерінің де стипендиясы көтерілетінін айтты.
Биыл қыркүйектен бастап жұмысшы мамандықтарда білім алатын 122 мың студенттің стипендиясы 30%-ға көтерілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкіметке арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің де стипендиясын 25%-ға арттыруды тапсырамын, - деді Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, елордада Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жастарды мақтан тұтатынын айтқан болатын. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылында даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық деген еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: