Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақ-орыс халықаралық университеті мен «Астана» университеті лицензияларынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қоса, Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады.

Сондай-ақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс деген еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: