Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің бастамасымен ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының бірнеше мектептерінде домбыра кабинеттері ашылуда.

№18 мектептегі кабинетте 20 домбыра, аудиожазбалары бар стендтер, халықтық ұрмалы музыкалық аспаптар мен әдістемелік және оқу әдебиеттері бар.

- Аталған мектете қала әкімі сыйлаған ақшалай сертификатқа домбыра кабинеті ашылып отыр, - деді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Білім ордасында 2-11-сыныптың 40 оқушысын қамтитын домбыра үйірмесі жүргізіледі. Бастаушы және бұрыннан қатысатын екі топтың оқушыларына 2 педагог сабақ береді.

Домбыра кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне абайтанушы Даниял Әсенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтын Абельдинова, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дарья Кряченко қатысты.

Қазіргі уақытта қала мектептерінде 1800 баланы қамтитын 98 домбыра үйірмелері жұмыс жасайды.

Айта кетейік, бүгін Павлодар қаласының № 9 мектебінде 1998 жылдың түлегі Евгений Суслин сыйлаған домбыра кабинеті ашылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодарда, №18 мектеп, домбыра кабинеті, оқушы