Облыстық мәслихат сессиясында депутаттарға ақпарат жеткізген өңірлік экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев аталған көрсеткіштің 2019 жылмен салыстырғанда 28%-ға артқанын атады.

Атап айтқанда, облыс мектептерінде 51 мыңнан астам 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға 1,7 миллиард теңге бөлінген. Одан бөлек, өңірдің 111 мектебін Назарбаев Зияткерлік мектептері үлгісіндегі жиһазбен қамтуға 108,6 миллион теңге жолданады.

Сонымен бірге, 475 жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды асырауға 1,1 млрд теңге бөлінбек.

- «Сарыарқа» және «Затон» мөлтек аудандарында мектеп құрылыстарына, сондай-ақ, Павлодардағы Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің жалғасын салуға, Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылындағы балабақша ғимаратын, Павлодар ауданындағы Кемеңгер бастауыш мектебін қайта жөндеу, Павлодардағы №3 дарынды балаларға арналған гимназиядағы спорт және мәжіліс залын салуға екі миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді, - деді Мақсат Тұрлыбаев.

Облыс әкімі Болат Бақауов кішігірім мектептерді оңтайландыру ісін жалғастырудың маңызыдылығын атап, оның бюджет қаражатын үнемдеп, білім беру сапасын арттыруға септігін тигізетінін айтты.

Арслан Ғалымбек

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, Болат Бақауов, Мақсат Тұрлыбаев, тегін тамақтандыру