Қала әкімі Қайрат Нүкенов атап өткендей, шөпті гидравликалық әдіспен егудің нәтижесі жаман емес.

- Бұл – қалада тұңғыш рет болған жұмыс, - дейді Қайрат Нүкенов. – Ондай әдіспен бұрын көгал егілген емес. Нәтижесі жаман емес. Шөп жақсы шықты. Әрине, келесі жылы, шөп шықпаған жерде бұл жұмысты жалғастырамыз. Оған фирма кепілдік берген еді.

Сонымен бірге, биыл екі миллиард теңгеге жалпы ауданы 100 мың шаршы метрлік қала көшелері мен жолдары жөнделді.
Қалада аулаішілік аумақты жарықтандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

- Барлық 300 аулада шам бағаналары орнатылатын жер әзірленіп, сымдар тартылды, - деді Қайрат Нүкенов. – 280 аулада 1200 бағана орнатылды. Бұл жұмыс алдағы 10 күнде аяқталады.

Павлодар тұрғындарының өтініші бойынша қосымша 160 ауланы жарықтандыру жөніндегі жұмыс басталды. Оған 166 миллион теңге бөлінді.

Айбек Жұматов

Фото: Әлібек Дженалинов

pavlodarnews.kz

Тэги: Қайрат Нүкенов, көгал, Акbаstau Gardens, жағалау, жарықтандыру