Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Алғашқы үштікке Халықаралық валюталық қордың басшысы және Еуропалық орталық банкінің төрайымы Кристин Лагард, сондай-ақ АҚШ Конгресі Өкілдерінің палатасы спикері Нэнси Пелоси енді.

Төртінші орынды Еурокомиссия төрайымы лауазымына алғаш тағайындалған әйел адам - Урсула фон дер Ляйен иеленді.

Рейтингтің 20-орнына - америкалық тележүргізуші Опра Уинфри, ал 40-орнына Британия патшайымы Елизавета II. Сонымен қатар, Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп 42-орынға тұрақтады.

Швециялық экологиялық белсенділердің бірі - 16 жастағы Грета Тунберг ең соңғы 100-орынға табан тіреп, беделді әйелдердің тізімін тәмамдады.

Айта кетейік, неміс саясаткері Ангела Меркель 9 жыл қатарынан рейтингтің бірінші орнын иемденіп келеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: