Салтанатты рәсім кезінде партия облфилиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов партияластарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

- 28 жыл ішінде еліміз Елбасының көреген саясатының арқасында талай жетістіктерге қол жеткізді, - деді Болат Бақауов. – Өндіріс орындарының тоқтап, экономика тоқырауды бастан кешкен 1991 жыл есімізде. Елбасы сол кезде жекешелендіруді өткізу жөнінде аса маңызды шешім қабылдаған еді. Бүгінде оның қаншалықты дұрыс шешім болғанын көріп отырмыз. Алда атқарылар іс аз емес, осы бағытта барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.

Әрі қарай облыстық партия ұйымының басшысы биыл белсенділігімен танылған нұротандықтарды «Белсенді қызмет үшін» медальдары және «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.

Олардың ішінде биыл 60 жасқа толған «Қазақстанның Еңбек Ері», «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік коғамының «Восточный» разрезінің №2 өндіру жұмыстары учаскесінің механигі Рышат Әміренов те болды.

Рышат Бабайұлы «Восточный» разрезінде 30-жылдан астам жұмыс істеп келеді. Сол уақыт ішінде ол «Шахтерская Слава» белгілерінің толық иегері атанды.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Nur Otan, Нұр Отан, партия, Болат Бақауов, Тәуелсіздік күні, Рышат Әміренов