Өңірлік ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров әріптестерін келе жатқан ұлық мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

Салтанатты рәсім кезінде Ішкі істер министрі, облыстық ПД бастығы бұйрықтарымен қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындар қауіпсіздігін қорғау ісіне үлес қосқан полицейлер марапатқа ие болды. 50-ге тарта тәртіп сақшысына мерзіміне дейінгі атақтан бастап, бағалы сыйлықтар мен құрмет грамоталарына дейінгі әртүрлі марапаттар табыс етілді.

- Осы жолы сыртқы, жедел, тергеу-криминалисткалық құрылымдар қызметкерлерін көбірек марапаттауға тырыстық, - дейді Жасқайрат Қайыров. – Өйткені, дәл осы қызметтер өкілдері жазда ыстық демей, қыста суық демей қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады. Сол арқылы олар марапатқа әбден лайық екендігін танытуда.

Айта кетейік, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыста қарақшылық пен мүлікті тонау деңгейі төмендеп, аталған қылмыстар көрсеткіші 21%-ға дейін кеміді.

Айбек Жұматов

Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, Тәуелсіздік күні, Жасқайрат Қайыров, марапаттау