Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев мәлім етті.

- Негізгі капиталға құйылған жалпы инвестиция көлемі 103 миллиард теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20 миллиард теңгеге артты, - деді Балғабай Ыбыраев. – Оның ішінде бюджет есебінен 21 миллиард теңге, инвестордың жеке қаражатынан 82 миллиард теңге түсті.

Қала басшысы 2019 жылы жүзеге асырылған жалпы көлемі 1,4 млрд теңгеден асқан 7 инвестициялық жобаны атап өтті.

- Біріншісі – М.Омаров ауылында «Крон-Агро» ШҚ-ның 2 мың гектар суармалы жері енгізілді, - деді Балғабай Ыбыраев. – Инвестиция көлемі 1,158 миллиард теңгені құрады. Бұған жеке қаржы жұмсалды. Екінші – аталған шаруа қожалығының Ақсу қаласындағы көкеніс қоймасында автобаза құрылды. Оған да жеке қаражаттан 510 миллион теңге жұмсалды.

Үшінші – Қызылжар ауылындағы «Қызылжар-Құс» ЖШС құс етін кеңінен өңдеу жобасы жүзеге асты. Инвестиция көлемі 72 миллион теңгені құрап, 16 жұмыс орны ашылды.

- Қалғандары құрылысқа байланысты, - деді Балғабай Ыбыраев. – Төртінші – М.Омаров ауылында «Алихан» ШҚ-ның 2 мың тонналық көкеніс қоймасы салынды. Оған жеке қаражаттан 25 миллион теңге жұмсалды. Бесінші – Евгеньевка ауылында «Сергей» ШҚ-ның 1 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы салынды. Инвестиция көлемі – 80 миллион теңге.

Алтыншы – Үштерек ауылында «Меркіт» ШҚ-ның 100 басқа арналған мал тұратын орын бой көтерді. Инвестиция көлемі 15 млн теңге болып, 5 жұмыс орны ашылды. Жетінші – «Ракишева А.М.» ШҚ-ның 20 мың бас мекиен тауығына арналған құс фермасы салынды. 40 млн теңге жеке қаражат жұмсалған фермада 15 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, инвестиция, экономика