60 адамнан құралған эстафеташылар құрамы Ломов көшесі бойымен жүгіріп өтті.

ЖОО ректоры Арын Өрсариевтың қолынан алауды алған С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың екінші курс студенті, балуан Әлем Кенжебаев болды.

Айта кетейік, әр 200 метр сайын алау келесі эстафеташыға беріліп отырады.

Қалалық төменгі жағалауда алауды шаңғымен, ит жетектеген шанамен және қысқы велоспиедпен спортшылар жүргізіп өтеді.

Кейін алау «Астана» мұз сарайына жеткізіледі. Бұл жерде эстафеташыларды 70 хоккейші мен мәнерлеп сырғанаушылар ҚР-ның және ЖОО-ның туымен күтіп алады.

Мұз айдынанда алып LED экрандары орналастырылған. Осы арқылы айдынның кез келген нүктесінен шоу-бағдарламаны тамашалауға болады.

Абзал Қабдраш

Суреттерді түсірген - Владимир  Бугаев

pavlodarnews.kz