Жылдың спорттық қорытындысын шығарған кездесуде Виктор Бондарь Павлодар облысының әкіміне өңірде триатлонды база салу туралы сұрақ қойды. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің айтуынша, бүгін павлодарлықтар триатлонмен жиі айналысады.

Қазақстанның соңғы чемпионатында өңірден ересектер арасында триатлоннан 25 адам жарысқа шықты. Өткен жылы павлодарлықтардың белсенділігін республикалық деңгейде байқап, Қазақстан триатлон федерациясы Павлодар облысына осы спорт түрін дамытқаны үшін кубок табыс етті.

- Бүгінгі таңда облыстық спорт комитетінің базасында триатлон бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебі құрылды, - дейді Виктор Бондарь. - Оған республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері кірді. Павлодарда барлығы 100-ге жуық адам триатлонмен айналысады. Бұл болашақта спортшы болуды жоспарлап отырған балалар және өздері құрал-жабдықтарды сатып алып, триатлонмен айналысатын ересек балалар. Жүзу бойынша сабақтар оқушылар сарайы мен Ertis Оlympic бассейндерінде өтеді. Ал, көшеде және «Юность» манежінде жүгіру жаттығулары, велосипедпен жүру әуежай немесе Ақсу бағытында қарастырылған. Бізде триатлонды дамытқысы келетін балалар өте көп. Егер олардың барлығы Нұр-Сұлтандағы триатлон саябағы сияқты бір базада жаттықса, жақсы болар еді.

Спорт ардагерінің айтуынша, Усолка шағын ауданында тұрғызуды ұсынып отырған база саны өсіп келе жатқан триатлоншыларға ғана емес, шаңғышылар мен биатлоншыларды жаттықтыру үшін де қолайлы инфрақұрылым бола алады.

Фото: Валерий Бугаев 

pavlodarnews.kz

Тэги: Викторь Бондарь, Павлодар, триатлон, база, спорт