Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Абыкешевтің мәлімдеуінше, Бүкілресейлік жарыс Красноярск қаласында Д.Г. Миндиашвили атындағы күрес академиясының жүлдесі үшін өткен.

- Аталған додаға облысымыздан 4 палуан аттанған болатын, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. – 2 палуанымыз жеңіліс тауып, 2 палуанымыз қола медальдарын еншілеп қайтты.

Тереңкөл ауданының палуаны Исламбек Ілиясов 79 келі салмақ дәрежесінде 3-орынға қол жеткізді. Ал, жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий Попов 125 келі салмақта 3-орынға табан тіреді.

- Қос спортшы да қаңтар айының аяғында сол Красноярскіде өтетін еркін күрестен халықаралық рейтингтегі турнир – «Иван Ярыгин Гран-приі» жарысына қатысуға жолдама алды, - деді Нұрсұлтан Абыкешев.

Айта кетейік, аталған сайыста Моңғолия, Ресей және Қазақстан елдерінің 300-ден астам еркін күрес палуаны күш сынасты.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, еркін күрес, спорт