- «Izdey» жас іздеушілер мектебінің оқушылары «Майдан жолы» жасағының басшылығымен Вологод облысы бойынша жерлеу тізімінде 1905 жылы туған Павлодар облысының тумасы Жангор Махажановтың есімін анықтады, - дейді «Майдан жолы» павлодарлық іздестіру зерттеу жасағының командирі Александр Шитов. - Ол майданға Қазақ КСР Павлодар облысы Қағанов аудандық әскери комиссариатынан шақырылды. 1076-шы атқыштар полкінде соғысты. 1942 жылы 25 наурызда алған жарақаты салдарынан қаза болады. Ресейлік Вологод қаласында, Введенский зиратында 56 нөмірлі аты жоқ плитамен жерленген.

Павлодарлық іздестіру қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен сарбазды туыстары іздестіруде деп болжауда.

Фото Александр Шитов

pavlodarnews.kz

Тэги: