Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Мемлекеттік қызметте "командамен ауысу" әлі де өте өзекті мәселе болып отыр. Мемлекеттік органдардағы ауыспалылық толықтай алғанда 6-10 % нормасы шегінде екенін көрсетті. Шын мәнінде, министр немесе әкім ауысқан кезде, кадрлық құрам да айтарлықтай өзгеретіні айқын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол мемлекеттік басқару жүйесінде басшы қызметкерлердің санына қатысты нормативтер жоқ екенін және меритократия принциптері үнемі сақтала бермейтінін атап өтті.

Әлі күнге дейін қамқорлық және таныс арқылы, ықпалды қамқоршының көмегімен қызмет сатысында ілгерілеу жайттары бар. Бұл шындық екені жасырын емес. Оны бәріміз де білеміз. Бұған жол беруге болмайды. Мұндай жүйені қоғамдық пікір арқылы да сыни сараптамаға ұшырату қажет. Басқаша мүмкін емес. Қоғамның пікірін де ескеру қажет. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер ескі жүйеден шыға алмай, елдегі жаңғыру процестерін тежейді. Ведомстволар мен бөлімшелердің басшылары шегіртке сияқты бір қызметтен басқасына секіріп жүр, - деді президент.

pavlodarnews.kz

Тэги: