Жеребе тарту рәсімі бүгін өтті. Нәтижесінде павлодарлық команданың алғашқы қарсыласы белгілі болды. 7 наурызда Ertis Қызылордада «Қайсарға» қарсы ойнайды.

2-турда командамыз өз алаңында біріншілік дебютанты петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. Бұл матч 15 наурызда өтеді. 3-турда павлодарлықтар Елордада «Астанаға» қарсы ойнайды.

Биылғы жеребе тарту барысында барлық үш айналымның кестесі жасақталды. Жалпы 2020 жылғы Премьер-Лига аясында Ertis өз алаңында 16, сырт алаңда 17 матч өткізеді. Чемпионат 8 қарашада аяқталады.

Айта кетейік, Премьер-Лигадағы жарысқа барлығы 12 команда қатысады.

Естеріңізде болса, 2019 жылғы чемпионатта Ertis 8-орында тұрақтаған еді.

Күнтізбенің толық нұсқасын Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының сайтынан көре аласыздар.

Айбек Жұматов

Фото: pflk.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ФК, Ertis ФК, футбол, спорт, ҚПЛ, Премьер-Лига