Бұл туралы Шешенстан басшысының ресми сайтында жарияланған қаулыда жазылған деп BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Шешенстан Республикасы Конституциясының 76 бабына сәйкес уақытша жұмыс істей алмауыма байланысты 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап Шешенстан Республикасы Үкіметінің төрағасы Муслим Хучиевке қызметімді тапсырамын, - делінген қаулыда.

Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін 2019 жылдың ақпан айында Рамзан Қадыров "уақытша жұмыс істей алмауына" байланысты өз қызметін Муслим Хучиевке тапсырған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: