Бұл туралы британдық The Sun басылымына сілтеме жасап Хабар 24 тілшісі хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Сарапшылардың пікірінше, өрт салдарынан Австралия ормандарындағы коалалардың үштен бірі қырылып қалды. Сонымен қатар жануарлардың кем дегенде 13 түрі жойылып кеткен. Австралиядағы орман өрті 2019 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Австралияда 4 айдан бері жалғасып жатқан өрт табиғатқа айтарлықтай шығын әкелді. 1 млн гектардан аса жер күлге айналып, жарты млрд жуық жануар қырылып қалған.

Австралиядағы өрттің түтіні Оңтүстік Америкаға жетті. Австралия билігі бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіруге күш салмақ.

pavlodarnews.kz

Тэги: